Алматыда «Бақорда» құрылыс базары өртенді
Сурет:paryz.kz
«Бақорда» аумағында орналасқан құрылыс базарында шамамен 2 мың шаршы метр аумақ өртенді.
Тілсіз жау кеше түнде Алатау ауданындағы «Бақорда» базарының аумағынан шықты.
«Аптап ыстық кезіндегі жоғары сәулелену салдарынан өрттің көршілес ағаш үйінділері мен салынып жатқан ғимаратқа таралу қаупі туындады. Өрт болған жерге дереу жедел штаб ұйымдастырылып, жоғары өнімді оқпандар енгізілді, өрт сөндіру көлігі қатыстырылды, үйінділерді тазалауға Құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды машиналары жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамның 64 адамы қатысты» деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт таңғы 4:04-те оқшауланып, таңғы 6:35-те жойылды. Өрт аумағы 2 мың шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер базар аумағының көп бөлігін – 24 мың шаршы метрден астам аумақты қорғап қалды (базардың жалпы ауданы 26 000 шаршы метрден астам). Сонымен қатар «Бақорда» базарында салынып жатқан сауда орталығы ғимаратының аумағына өрттің таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық