Алматыда бағдаршам кесірінен ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Алматының орталық көшелерінің бірінде бағдаршамның ажыратылуы салдарынан көлік тығына пайда болып, жұрт жұмыстан қалды.
Сәуірдің 7-сі күні таңертең Төле би көшесінде бірден бірнеше бағдаршам жұмыс істемеді. Куәгерлердің айтуынша, Розыбақиев көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі бір де бір бағдаршам жұмыс істемеген.
Сонымен қатар, Әуезов көшесінде – Төле биден Құрманғазы көшесіне дейін бағдаршам сөніп тұрғаны хабарланды.
«Алатау жарық» компаниясының мәліметінше, оған электр қуатының өшуі себеп болған. Өшіру аймағына Айманов – Төле би – Әуезов – Қарасай батыр көшелері кіреді.
«Жарықты өшіру себебі анықталуда. Екі сағат ішінде Алмалы ауданында орналасқан бірқатар ғимараттарға электр қуатын беру қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықты түсініп, бағыттарыңызды алдын-ала реттеңіздер. Алматы қаласы бойынша анықтама телефоны: 356-99- 99» деп хабарлады компания.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық