Алматыда бұзақы «Айка-мажор» адам пышақтады деген күдікпен ұсталды
Алматыда «Айка-мажор» лақап атымен танымал Әйгерім Бақытжанқызы ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция бөлімі бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдрахманов Facebook-те жазды.
32 жастағы әйелді бірнеше рет бұзақылық жасап, зорлық-зомбылық қолданған, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған деген күдікпен полиция бөліміне қамалды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмысты жасады деп айыпталған 1988 жылы туылған азамат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеуге, сондай-ақ істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде», - делінген хабарламада.
2020 жылы 5 қыркүйекте Алматыдағы мекемелердің бірінде жанжал шығып, суық қару қолданылған болатын. Нәтижесінде бір бойжеткен бірнеше рет пышақталған. Кейіннен ол бұл туралы әлеуметтік желіде «Айка-мажор» кінәлі екенін жазды.
«Мен біздің кабинкада шақырылмаған Айканы көрдім. Содан кейін ол менің назарымды өзіне аударуға тырысты, маған әр түрлі сұрақтар қойып, мені жанжалға итермеледі. Маған ол ұнамады, кейін шыдамай, маған тиіспесін дедім. Бір-екі секундтан кейін менің арқама пышақ шаншылды. Мен қансырап құладым», - деді жарақат алған алматылық келіншек.
Зорлық-зомбылық фактісін полиция растады. Сонымен қатар әйелдің ұсталғаны туралы хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық