Алматыда азаппен қаза тапқан Ақнәрдің анасы Тоқаевқа жүгінді
Фото: instagram/ justice_for_aqnar
Алматыда жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмған Ақнәр есімді қыздың анасы Гүлістан Хамит бұл іске әділ тергеу жүргізіліп, күдіктілердің қамауға алуды талап етті. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Ол президентке бейнеүндеу жолдап, іс материалдарына сәйкес, қыз жетінші қабаттан өз еркімен құламағанын айтты. «Мен әділдікті тек өз қызым үшін емес, барлық аналар үшін сұраймын», – дейді әйел.
«Оның денесінен азаптаудың айқын іздері табылды. Телефонындағы бейнежазбаларда оны ұрып-соғып, қорлаған сәттер түсірілген. Бақылау камералары оны терезеден лақтырған сәтін түсіріп алған. Қайғылы оқиғадан кейін қызымның барлық заты – ақшасы, мүлкі, тіпті киімдері жоғалып кеткені белгілі болды. Сол түні қасында болған екі қыз бұл қылмысқа тікелей қатысы бар болуы мүмкін», – дейді Гүлістан Хамит.
Ол тергеу органдары мен прокуратура бұл істі «өз-өзін өлтіруге жеткізу» бабы бойынша саралағанын еске салды. Алайда, күдіктілер әлі күнге дейін жауапқа тартылған жоқ.
Бейнеүндеуде Гүлістан Хамит әділ тергеу жүргізуді талап етіп, істі қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») және 126-бабы («Бостандықтан заңсыз айыру») бойынша қайта саралауды сұрайды.
«Алматы қаласының тергеу органдарына сенімсіздік білдіре отырып, істі Астанадан арнайы тергеу тобының бақылауына беруді, қызымның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарды қамауға алуды және әділ тергеу жүргізуді сұраймын», – дейді Ақнәрдің анасы.
Ақнәр Гүлістан 2023 жылдың шілде айында көз жұмды. Ол небәрі 22 жаста еді. Қайғылы оқиға болған түні ол Алматыдағы «Amir» тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап кеткен. Полиция бұл істі суицид ретінде тергеп жатыр. Алайда марқұмның анасы бұл нұсқамен түбегейлі келіспейді.
Ақнәр көз жұмған түні пәтерде екі қызбен бірге болған. Анасы оған хабарласқан кезде, бөтен адам телефон тұтқасын көтеріп, қызымен сөйлесуге мүмкіндік бермеген. Кейін марқұмның әпкесіне Ақнәр жайлы қорқынышты жазбалар келіп түскен. Онда «Қызды тұншықтырып жатыр» деген сөздер айтылған.
Алматы қалалық полиция департаменті осы іске қатысты түсіндірме берді.
«2023 жылдың шілде айында алматылық тұрғынның қаза болуына қатысты Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында материалдар жиналып, сарапталуда, куәгерлерден жауап алынып, бейнежазбалар зерттеліп жатыр, сондай-ақ заңда көзделген өзге де процессуалдық әрекеттер атқарылуда», – делінген департамент түсіндірмесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық