Алматыда қаза тапқан 149 адамның басым бөлігі – лаңкестер! – полиция
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов Алматыда 149 адам қаза тапқаны туралы мәлімдеді.
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаза тапқан 149 адамның басым бөлігі лаңкес-содырлар. Белгісіз адамдарды мәйітханадан ұрлап кеткен 41 мәйіт осы статистикаға да кіреді» деді полицияның баспасөз қызметі.
Қазақстанда қаңтар айындағы қайғылы оқиға салдарынан 225 адам қаза тапты, оның 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болды.
Еске салсақ, Алматыға шабуыл жасағандар жараланғандар мен қаза тапқандарды өздерімен бірге алып кетті, сондықтан мәйітханадан 41 мәйітті ұрлап әкетті деген мәлімдеме шықты.
Полиция бастығы қазір қаланың мәйітханаларында қаза тапқан шабуылдаушылардың денелері бар-жоғын нақтылаған жоқ.
Бір күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова шабуылшылар ем алғаннан кейін «қарулы адамдармен бірге ауруханалардан кетті, олар тіпті жансақтау бөлімінен де кетіп қалды» деп мәлімдеді.
Таймерденов оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіре отырып, 5 қаңтар күні таңертең «бір мезетте түрлі аудандар мен шет аймақтардан» Алматы орталығына «20 мыңдық тобыр кіргенін» мәлімдеді. Оның сөзінше бұзақылар полиция қызметкерлерінің қорғаныс сызықтарын бұзып, Республика алаңына келіп, әкімдікті басып алуға әрекет жасаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық