Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
Фото: gov.kz
Алматылықтар үшін қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір тәсілі пайда болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің «Avtobys» цифрлық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл – Қазақстан мен Қырғызстанның 24 қаласында сәтті жұмыс істеп тұрған, қоғамдық көлікке арналған заманауи шешім. Жүйені отандық Innoforce технологиялық холдингі әзірлеген және ол Алматы қаласы көлік жүйесін цифрлық басқаруға көшу аясында енгізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.
Avtobys жолаушыларға жолақы төлеудің ыңғайлы әрі әртүрлі тәсілдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жолақыны банк карталарымен, көлік карталарымен, сондай-ақ Apple Pay және Google Pay арқылы төлей алады. Бұдан бөлек, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен, Bluetooth, NFC технологиялары арқылы немесе көлік нөмірін енгізу жолымен төлем жасауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ банк пен ұялы байланыс операторлары қосымшалары арқылы да жолақы төлеуге болады.
Жеңілдікке ие жолаушылар санаты үшін Avtobys мобильді қосымшасында тарифті онлайн рәсімдеу қарастырылған. Кеңсеге барып, қағаз құжат толтырудың қажеті жоқ.
«Avtobys – тек төлем құралы ғана емес, сонымен қатар тасымалды басқаруға арналған кешенді цифрлық платформа. Жолаушылар қоғамдық көліктің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап, аялдамаларға келу уақытын алдын ала көре алады және маршруттарды ыңғайлы жоспарлай алады. Ал тасымалдаушылар мен бақылау-тексеру қызметтері бақылаудың дәлдігін арттырып, есепке алынбаған сапарлар санын азайтатын цифрлық құралдарды қолданады. Диспетчерлік қызметтер әр маршрут бойынша өзекті ақпаратты көріп отырса, қала билігі жолаушылар ағыны, бағыттардың жүктемесі және субсидиялау қажеттілігі жөнінде жинақталған талдамалық деректерге қол жеткізеді» , деп атап өтті басқарма.
Avtobys жүйесін Алматыда енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Алғашқы кезеңде жүйе қаланың кейбір бағыттарында іске қосылып, кейіннен барлық қоғамдық көлікке біртіндеп таратылады.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
- Алматыда Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті
- Қапшағайда екі әйел көлікпен мұз астына түсіп кетті
Жаңалықтар
- Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?
- Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
- Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау: Алғашқы әйел премьер Санаэ Такаитидің бәсі өте ме?
- Испаниядағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
- Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
- Алексей Щербаков Нұрлан Сабуровты қолдауға келді ме?
- Олимпиада-2026: 8 ақпандағы жарыс кестесі
- Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
- СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті
- «Бурабай» балалар спорт мектебінде жүргізілген аудит 6,3 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Нора Джеруто Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстанға «алтын» әкелді
- Қазақстандық күштік құрылымдар UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады
- СҚО-да мұғалімдерге 22 млн теңгеден астам іссапар шығындары төленбеген
- Еліміздің конькиші қыздары Олимпиада-2026 ойындарында үздік ондыққа енді
- Нұрлан Сабуровтың Ресейге оралуына мүмкіндік бар — заңгер
- «Жағдайы ауыр»: Мұхтар Шахановтың келіні мәлімдеме жасады