Алматыда автобус жүргізушісі бір әйелді қағып мерт қылды
Фото: Pixabay
Алматыда №97 бағытындағы автобус бір келіншекті қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол апаты 7 тамыз таңертең Айнабұлақ ықшамауданында болды. Келіншек 1957 жылы дүниеге келген. Жол апаты болған жерден түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, осы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
«Yutong маркалы автобус Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде сол бағытта жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен».
Еске сала кетсек, 15 шілдеде Алматының Боралдай көшесінде МАЗ маркалы кран, №10 маршруттағы автобус және бірнеше жеңіл көлік соғылып ірі жол апаты болды. Сол жол апатында 23 адам зардап шеккен еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық