Алматыда автобус жолдан шығып кетіп 9 адам зардап шекті
Фото: Бейнеден кадр
Алматыда 16 шілдеде №137 автобус жолдан шығып кетіп, жол апаты болды.
Бұл жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап кетті.
№137 автобус жолдан шығып, дуалға барып соғылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бейнежазбадан жолаушылардың сыртқа шыққанын көреміз. Жолаушының бірі аяқ киімсіз, ақсаңдап жүргені көрінеді. Ал басқа жолаушының сұлап жатқаны байқалады.
Orda.kz Алматы қаласы полиция басқармасына хабарласып оқиғаның мән жайын сұрады.
«Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болды. Әшімов көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин бойындағы 137-бағыттағы аялдамада тоқтаған автобусқа келіп соғылды. Инерция салдарынан автобус жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке үйдің дуалына барып соғылды. Апат салдарынан автобустың 9 жолаушысы зардап шекті.
Жол апатына қатысты басқа да мән-жайлар анықталып жатыр» деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық