Алматыда әскери нысанды 20 жыл бойы кәсіпкер басқарған
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алты миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады.
Жоғарғы сот бас әскери прокурордың талабы бойынша Қорғаныс министрлігінің құны бес миллиард теңгеден асатын қорғаныс нысанын қайтарды.
Алматы қаласындағы ауданы 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, екі әкімшілік ғимараттан, екі өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.
«Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүргізілуде, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылады. Сондай-ақ, әскери қадағалау актілері бойынша 180 млн теңгенің 22 жер телімі қайтарылды», - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
Сондай-ақ, 25 жылдан астам заңсыз иеленуде болған, жалпы құны 400 миллион теңге болатын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекеттік балансқа қойылып, баспанаға мұқтаж әскери қызметкерлерге үлестірілетін болады.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға