«Алматыда әріптесін өлтіріп, мәйітін көмген фотограф»: Қылмыс 3 жылдаң соң әшкереленді
Фото: Бейнеден кадр
2022 жылдың жазында жұмбақ жағдайда жоғалған алматылық фотограф Захар Свириденконың мәйіті табылды. Оны әріптесі пышақтап өлтіріп, денесін көміп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Kozachkov offside Telegram-арнасынындағы мәліметке сүйенсек, Захар Свириденко көптеген жылдар бойы түрлі қазақстандық басылымдарда жұмыс істеген. Ол 2022 жылдың жазында жұмбақ жағдайда жоғалған. Фотограф жоғалған күні көршілері оның үйінде жиын болғанын, кейін айқай-шу естілгенін айтқан.
Қылмыс араға 3 жыл салып әшкере болды. 2025 жылдың көктемінде полиция жасырынып жүрген фотограф Ержан Сейітқожаны ұстады. Оған Свириденконың үйінде өткен кешкі жиынға қатысты бірнеше сұрақтар қойылды.
Фотограф Захарды өлтіргенін мойындады. Оның айтуынша, дастархан басында екеуінің арасында жанжал туындап, Ержан Сейітқожа Свириденконы бірнеше рет пышақтап тастаған. Содан кейін ер адам досының денесін көліктің жүксалғышына салып, қылмыс орнынан қашып кетеді. Фотограф полицейлерге марқұмның денесін көмген жерді де көрсетті. Жүргізілген ДНҚ талдауы адам сүйегінің Захар Свириденкоға тиесілі екенін анықтады.
Ержан Сейітқожа сотта өз кінәсін толық мойындап, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ жәбірленушінің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде моральдық залалды өтеуі тиіс.
Айта кетейік, 3 қазанда атыраулық қыздар жергілікті блогер қызды зиратқа апарып соққыға жықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық