Алматыда «қаралы қаңтар» оқиғасына ескерткіш қойылады
Алматы әкімдігі қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған ескерткіштің концепциясына байқау жариялады.
Тоқаев жақындағы Алматыға сапары барысында Алматы оқиғаларын мемориалдық кешен ретінде мәңгі есте қалдыруды тапсырған болатын.
Қала құрылысын жоспарлау және урбанистика бөлімі ашық конкурсқа өтінімдерді 2022 жылдың 22 қаңтарынан 10 ақпанға дейін қабылдайды. Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады.
Байқау шартында ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді түрде сәйкес келуі керектігі басым айтылған. Өндірісте жоғары сапалы материалдарды пайдалану қажет.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы қабылдайды.
Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігіндегі және Назарбаев даңғылының батысындағы қалалық әкімдік жанындағы алаңда орнатылады деп күтілуде.
Қосымша ақпаратты Алматы қ., Абай даңғылы, 90, (3-қабат) мекенжайы бойынша немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны арқылы алуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық