Алматыда алдағы күндері 22 градусқа дейін аяз болады
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Алматыда ертең, 16 ақпаннан 17 ақпанғы түнге дейін күн жауын-шашынды болады. Жауын-шашынның соңы қалың қарға ұласып, кешке қарай 20 градусқа дейін аяз болады.
17 ақпанға қараған түні 22 градусқа дейін, 17 ақпанда күндіз 14 градусқа дейін аяз болады. Ал 16 ақпанда таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы осыған байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады.
"Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден көктайғаққа, жолдарды қардың басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және кенеттен маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз. 16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймауды өтінеміз", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтар
- Алматыда LRT құрылысы басталады: Момышұлы көшеcінде қозғалыс шектеледі
- Алматыда өрт сөндіру қызметіне кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуациялана бастады. Бейнежазба
- «Маған қызымды қайтарып берсін»: Әл-Фараби апатына қатысты істе жаңа жәбірленуші 100 млн өтемақы талап етпек
- Асқар Ақаев: Садыр Жапаров тағы бір мерзімге қалуы тиіс
- Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
- Үкімет жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне күш салады
- «Қызымның сүйегін өзім жинадым»: Томиристің әкесі сотта жауап берді
- 110 күнге созылған блокададан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы танкерлер өте бастады
- Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер аукционға шығарылды
- Әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
- БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
- Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
- Түркістанда полицейлер қауіпті кортежді тоқтатып, ықтимал жол апатының алдын алды
- Пезешкиан АҚШ-пен жасалған меморандумды «тарихи құжат» деп атады
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді