Алматыда алаяқ жұп 41 адамның сыртынан несие алған
Алматыда алаяқтықпен айналысқан ерлі-зайыптылар бөтен адамдардың құжаттарын пайдаланып 4 миллион теңгеден астам несие алған. Олар екі жыл ішінде төлқұжат арқылы несие рәсімдеп, 41 адамды сан соқтырған.
Бұл туралы Orda.kz Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Қолға түскен ер адам 26 жаста, әйелі 27 жаста. Ерлі-зайыптылар Алматыда тіркелген микроқаржы ұйымына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
2019 жылдан бастап алаяқтар тауар сатып алу үшін ақша аудару сылтауымен интернет-дүкен сатушыларынан олардың ЖСН мен банк картасының деректемелерін алған.
— Сатушылардың төлқұжат мәліметтерін пайдалана отырып, олар МҚҰ сайтында онлайн режимде микрокредит алуға өтінім беріп отырған. Ақшаны алғаннан кейін сатушылармен қайтадан байланысқа шығып, оларға абайсызда ақша аударғанын хабарлап, оларға басқа банк картасына ақшаны қайтаруды сұраған, – деді Алматы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.
41 адамнан төлемдер бойынша кешіктірулер болғаннан кейін МҚҰ-дан полицияға арыз түскен. Барлық «қарыз алушыларды» тапқан полиция олардың қарызды өздері алмағанын анықтады.
Күдіктілерге қатысты тергеу аяқталып, материалдар сотқа берілді. Олар қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық