Алматыда алғашқы күні 300-ден астам адам Pfizer вакцинасын қабылдады
Алматыда COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасымен егу басталды. Осы уақытқа дейін 300-ден астам адам Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырды.
Вакцина мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналарға арналған.
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтқандай жасөспірімдерге тек ата-анасының жазбаша келісімімен ғана Pfizer вакцинасы салынады.
«Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Ералы Тоғжанов барлық облыстардың басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана вакциналауды тапсырды» деп жазды Ержан Байтанаев Facebook желісінде.
Мемлекет балаларына екпе жасауға дайын емес ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
11 қарашада Алматыға Катардан Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді. Жалпы Қазақстан Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасын сатып алды. Ол 2 миллион адамға есептелген.
Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасын егу 15 қарашада басталады. Ол қаланың медициналық ұйымдары мен оқу орындарында жүргізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық