Алматыда актер Мұрат Бисенбинмен қоштасты
Фото: Orda.kz
Алматыдағы Орталық мешітте танымал актер Мұрат Бисенбиннің жаназа намазы оқылып, туған-туыстары, жақындары мен достары оны мәңгілік мекеніне шығарып салды. Қоштасу рәсіміне марқұмның өнер жолындағы әріптестері мен серіктестері де келді. Orda.kz тілшісі де жаназаға қатысты.
Марқұмның әкесі Болат Бисенбиннің айтуынша, Мұраттың денсаулығы инсульт алғаннан кейін күрт нашарлаған.
«Инсульттен кейін біраз уақыт оңалту орталығында болды. Онда шамамен үш күндей жатты. Соңғы рет сөйлескенімізде жағдайының ауырлап кеткенін сездік: тамақ ішуден қалып, дәретке шығуы да қиындаған еді. 8-і күні таңғы сағат сегізде хабарласқанымда, «Мұраттан айырылып қалдық» деген қаралы хабарды естідім», – деді әкесі.
Марқұмның қызы Диана да әкесінің соңғы күндері туралы айтып берді. Оның сөзінше, Мұрат Бисенбин ауыр дертпен бір жарым жылға жуық алысқан.
«Соңғы бірнеше ай ең ауыр кезең болды. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Инсульттен кейін денсаулығы барған сайын сыр бере бастады. Онкологиялық емді жалғастыруға мүмкіндік болмады, өйткені алдымен инсульттен кейінгі оңалту курсынан өтуі керек еді. Инсульт екі рет қайталанды. Дәрігерлер үш ай бойы ешқандай ем жасауға болмайтынын ескертті. Осының бәрі оған өте ауыр тиді. 8-і күні түнде әкем үйде көз жұмды», – деп мәлімдеді Диана.
Әкесіне қатысты естеліктерімен бөліскен Диана оның өміріндегі әрбір сәттің ыстық екенін жеткізді.
«Естеліктердің ішінен «ең жақсысын» бөліп айту мүмкін емес. Оның бар болмысы жақсы еді. Өте керемет әке болды. Отбасына бауырмал, бар уақытын бізге арнайтын. Естеліктер тым көп», – деп айтты ол.
Сондай-ақ, Диана әкесінің оның мінезі мен өмірлік ұстанымына қалай әсер еткеніне тоқталды.
«Әрине, бізге үйреткені көп. Мінезімдегі біраз қасиеттер әкемнен дарыды деп ойлаймын. Соның ішінде спортқа, сурет салуға деген құштарлығым әкемнен берілген», – деді Диана.
Ол әкесі сырқаттанып жатқанда қолдау көрсеткен әріптестері мен барша жанашыр жандарға ризашылығын білдірді.
«Тек алғыс айтқым келеді. Қаражат жинау басталған сәттен-ақ бізге өте көп хаттар келіп, қолдау сөздер айтылды. Моральдық тұрғыдан да, материалдық жағынан да көмек көрсетілді. Барлығы әрдайым жанымыздан табылды. Ішімде тек шексіз ризашылық сезімі бар», – деді марқұмның қызы.
Мұрат Бисенбиннің артында үш перзенті қалды: үлкен ұлы — Владимир, кенжесі — Эмир және ортаншы қызы — Диана.
Ал әкесі Болат Бисенбин ұлының тұлғалық қасиеттерін еске алып, перзентін жер қойнауына тапсыру ата-ана үшін ең ауыр қайғы екенін атап өтті.
«Ол өте талантты еді. Институтты бітіріп, ағылшын тілін жетік меңгерген болатын. Ата-ана үшін өз перзентін соңғы сапарға аттандырудан асқан қасірет жоқ. Негізі ол бізді жерлеуі керек еді, алайда бәрі керісінше болды. Ол ішімдік пен темекіден аулақ болып, үнемі спортпен шұғылданды. Соңғы жылдары актерлік өнерге бет бұрып, киноға түсе бастады. Оның шеберлігі мен сомдаған рөлдеріне халықтың өзі бағасын береді, мен әкесі ретінде ештеңе айта алмаймын», – деп мәлімдеді ол.
Марқұмның сүйегі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерленді.
Еске салсақ, Мұрат Бисенбин 8 қаңтар күні 53 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен арпалысқан актер желтоқсан айында инсульт алып, ауруханаға түскен еді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.
Orda.kz редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 4,5 баллдық жер сілкінісі болды
- ӘЧ-2026: Мбаппе бірнеше рекорд орнатты, Лондонда футбол жанкүйерлері шу шығарып, қаланы әбігерге салды
- Қазақстанда Kуzdar.net ісі бойынша алғашқы үкім шықты
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді
- Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
- Қытайдағы алапат тасқын: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
- Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
- Қазақстанда тағы үш жол учаскесі ақылы болады
- Қайын жұртын жалмаған: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Қазақстан 2026–2027 жылдары бірден жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды
- Алматы облысында 2025 жылы жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
- Атыраудағы түгелдей бір отбасының ажалы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
- Данияр Елеусінов Астанада екі жол апатына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан полициясы журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тауып берді
- АҚШ Иранға жаңа соққы жасады, Тегеран америкалық базаларға шабуылмен қарымта берді
- Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
- Ескі асфальтқа төгілген тас: Тарбағатай–Аягөз тасжолы сынға ұшырады