Алматыда Аяжан Еділованы өлтіру ісі бойынша сот басталды
Суретте Аяжан Еділова
Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сот отырысына төрағалық етуші судья Еркін Майшинов.
Сот 9 қараша күні сағат 10:00-де жабық өтеді.
Бұған дейін Еділованы өлтірді деген күдікті алдын ала тыңдау кезінде алқабилер сотынан бас тартқан.
Еске салсақ, 2021 жылдың 19 наурызында Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін полиция департаменті қыздың өлі екенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған күні бойжеткеннің жаңа танысымен кездесуге бара жатқаны анықталды. Күдікті Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.
Қылмыстың жан түршігерлік жай-жапсарын жұртшылыққа марқұмның туыстары айтып берді. Сондай-ақ, олар Аяжан ер адаммен кездесуге барғанын жоққа шығарды.
Белгілі болғандай, 19 жастағы бойжеткенді өлтірген күдікті Шымкент медициналық академиясында фармацевт мамандығы бойынша оқып жүрген. Ол 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Бірақ екінші курстан кейін ол оқудан шығарылған. Оның тәртібіне ешкім шағымданбаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық