Алматыда 52 жастағы әйел автобустан құлап, егіз сәбиді дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөзден
Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісімен жүкті болған 52 жастағы әйел егіз сәбиді дүниеге әкелді.
Науқас автобустан құлап, ауруханаға жүктілігінің 31-ші аптасында келіп түскен. Босанған әйел ауыр жарақат алмағанымен, денсаулығы нашарлай бастаған. Бас ауруына, ішінің ауруына, қан қысымының көтерілуіне шағымданған.
Ультрадыбыстық зерттеуден кейін дәрігерлер екінші ұрықтың жүрегінде ауытқуларды анықтады. Ал әйелде преэклампсия болған. Бұл ауру салдарынан ананың денсаулығы тез нашарлап, ұрыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қала тұрғынына шұғыл ота жасалды.
Салмағы 1644 грамм және 990 грамм болатын екі шала туған ұл бала дүниеге келді. Науқас бірнеше күн жансақтау бөліміне жатқызылды, сәбилер балалар жансақтау бөліміне ауыстырылды. 10 күннен кейін анасы мен балалары бөлімшеге ауыстырылды. Бүгінде олардың жағдайы жақсы. Жаңа туған нәрестелер салмақ қосып жатыр, олардың өміріне еш қауіп жоқ.
«Балалар үшін қатты уайымдадым, өйткені олардың біреуі өте әлсіз болды. Осы орталықтың реаниматологтары, неонатологтары және басқа да мамандарының назары мен кәсібилігінің арқасында сәбилерім тез оңалып кетті. 10 күннен кейін жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырдық. Қазір балалар салмақ қосып үлгерді, біреуінің салмағы екі келіден асқан, ең кішісі 1600 грамм. Біздің өміріміз үшін күрескен реаниматологтарға, неонатологтарға және барлық медицина қызметкерлеріне рахмет!» деді науқас көзіне жас алып.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық