Алматыда 13 адамның мүрдесі шыққан хостелге қатысты сот үкімі шықты
Коллаж: Orda.kz
Алматыда 13 адамның өмірін қиған ALA Hostel-де болған қылмыстық іс бойынша сот үкімі белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылар болып хостелдің директоры Әділбек Мұхамедьяров пен ғимарат иесі, «Гидсервис» компаниясының басшысы Александр Пекельник танылды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша «өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзып, абайсызда бірнеше адамның өліміне себепкер болды» деген айып тағылған.
2023 жылы Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінің бойындағы ALA Hostel-де 13 бірдей адам өрт ішінде қалып, қаза тапты.
2025 жылдың 9 шілдесінде сот шешімімен
- Әділбек Мұхамедьяров –5 жылға
- Александр Пекельник –4 жылға
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылдың 30 қарашасында, таңғы сағат бестер шамасында болды. Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде шыққан өрт әп-сәтте ғимараттың жертөлесін шарпып, ішіндегі 72 адамның өміріне қауіп төндірді.
67 тұрғын өздігінен шығып үлгерсе, 13 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім, түтін мен жалыннан қаза тапты. Құрбандардың арасында тоғыз Қазақстан азаматы, екі Ресей азаматы және екі Өзбекстан азаматы болды.
Тергеу мәліметтеріне зер салсақ, өрт жертөледегі дәлізде басталып, есік маңына сүйеп қойылған матрастар отқа оранған. Лапылдаған от пен түтін таралып, адамдардың қауіпсіз жерге көшуіне мүмкіндік бермеген. Бірнеше күннен соң хостелді жалға алған тұлғалар ұсталып, тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық