Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелге қатысты тергеу аяқталды
Фото Orda.kz
Алматыда 2023 жылдың қарашасында Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде болған өрттің тергеуі аяқталды.
Бұл туралы Медеу ауданында өткен тұрғындардың әкіммен кездесуі барысында мегаполис прокуроры хабарлады.
«Айдың соңына дейін іс сотқа жіберіледі, қазір танысу кезеңінде», – деді Серік Қаріпбеков.
Кездесуде тұрғын жалға берілген ғимараттың иесі жазаға тартылмағанын атап өтті. Қала әкімі Ерболат Досаев өрт үшін ғимарат салған адам емес оны хостел қылып жалға берген адам жауапты болу керек екенін айтты.
«Мысалы, сіздің меншігіңізде пәтер бар және оны жалға бергенсіз. Біреу өрт қойса, оған кім жауап береді? Хостелдердің жұмысын кім тексерді? Өкінішке қарай, 2016 жылдан бері бұл қызмет толықтай жойылды. Тек минималды бақылау ғана болды. Қазір студенттерді орналастыру алдында біз қаладағы барлық хостелдерді комиссиялық түрде қоғамдық кеңеспен және басқармалармен бірге тексеріп, тек шектеулі санын ғана ұсындық. Сондықтан жұмыс форматы өзгерді», – деп түсіндірді әкім Ерболат Досаев.
Еске сала кетейік 2023 жылдың 30 қарашасында Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 72 адамның 59-ы өздігінен эвакуацияланды,13 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық