Алматыда №123 автобус екі жеңіл көлікпен соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті
Оқиға Алматыдағы Сейфуллин және Төреқұлов көшелерінің қиылысындағы MEGA Park сауда, ойын-сауық орталығының жанында болды. Жол апаты салдарынан бес адам жедел-жәрдем көмегі арқылы ауруханаға жатқызылды.
Оның екеуі сол маңда автобус қаққан жаяу жүргінші. Қалғандары автобус жүргізушісі мен автобус соққан көліктің жүргізушісі және автобус жолаушысы. Дәрігерлер жол оқиғасына тап болғандардың жағдайы орташа ауырлық деңгейде екенін айтты.
Алдын ала болжамдар бойынша автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Алматыэлектротранс өкілдері жүргізуші жұмысқа демалыстан кейін шыққанын, ауысым алдында медициналық тексерістен өткенін хабарлады. Таңертеңгі тексерісте оның ішімдік ішпегені анықталған.
Дегенмен жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, көлік тұрағының бетон қабырғасына соғылып барып тоқтаған. Автобус жүргізушісі алдымен Hyundai Accent көлігіне соғылған, тоқтамаған күйі тротуарға шығып кетіп, бағдаршам жанында тұрған екі жүргіншіні қағып кеткен. Әрі қарай көлік тұрағына кіріп, Mega park сауда-ойын кешенінің қабырғасына соғылып, көлік тұрағынан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігіне соғылған.
Белгілісі біраз адам зардап шегіп, ауруханаға түскен бір жаяу жүргіншінің халі ауыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық