Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
Orda.kz. коллажы
Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бозымбаев Алматыда өткізген кеңесте төтенше жағдайларды алдын ала хабарлау жүйесін енгізу тақырыбының бірі болды. Mass Alert әлі де пилоттық режимде болса да, 1 маусымға дейін енгізілмекші.
«Халықты хабардар ету желіге қосымша жүктеме тудырмайтын және базалық станса антенналарының қамту аймағындағы барлық абоненттерді дереу және жаппай хабардар етуге мүмкіндік беретін Cell Broadcast технологиясы арқылы жүзеге асырылады», - деді Ерболат Досаев жаңа жүйе туралы.
Сонымен қатар, Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев атап өткендей, қазіргі уақытта сейсмикалық қауіпті аймақтағы нысандар құрылысына қатысты жаңа талаптармен заңнамаға түзетулер әзірленді. Әңгіме сейсмикалық деңгейі жетіден тоғыз баллға дейінгі учаскелерде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу үшін міндетті сейсмикалық оқшаулау жүйесін енгізу туралы болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматыда 23 қаңтар мен 4 наурызда қатты сезілген екі жер сілкінісі болды. Екі жағдайда да қала тұрғындары жер асты дүмпулері туралы дер кезінде хабарланбағанын айтып шағымданған болатын.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты