Алматыда 1 қыркүйектен бастап коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі
Фото: gov.kz
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қалалық департаменті басшысы Әсел Буденеева айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылықтар үшін 1 қыркүйектен бастап коммуналдық қызмет құны қымбаттайды. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, тарифтер келесідей болады:
• электрмен жабдықтау («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ): +2,53 теңге (ҚҚС-сыз 11,4 теңге/кВтсағ);
• сумен жабдықтау: халық үшін: +11,78 теңге (ҚҚС-сыз 66,00 теңге/м³), басқа тұтынушылар үшін: +57,22 теңге (ҚҚС-сыз 339,28 теңге/м³);
• су бұру: халық үшін: +12 теңге (ҚҚС-сыз 40,95 теңге/м³);
• жылу энергиясы: ҚҚС-сыз +8% 10484,38 теңге/Гкал дейін.
«Тарифті өзгертуге стратегиялық тауарлар құнының, бекітілген инвестициялық бағдарламаның, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруі негіз болды», - деді Әсел Буденеева.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй-коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауын әкімдік өтейтініне сендірді.
«Алдағы уақытта коммуналдық қызмет бағасының көтерілуіне байланысты Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша тоғыз санаттағы азаматтарға өтемақы төлеу жалғасады», - деді ол.
Алматының 300 мыңнан астам тұрғыны жәрдемақы алады.
«Әлеуметтік төлемдерді алу үшін Алматы қаласында тұрақты тіркеу және тұрғылықты жеріңіз болуы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына өтініш беру, сондай-ақ жеке куәлік ұсыну қажет. Көмек алғандарға қайта өтініш берудің қажеті жоқ» деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрбақыт Серікбай тарифтердің көтерілуі 54 пайызға тозығы жеткен жылу және су желілерін жөндеу қажеттілігімен байланысты екенін айтты.
2025 жылға қарай коммуналдық қызметтер шамамен 104 шақырым су құбыры желісін, 73 шақырым ағынды су желісін, 39 шақырым жылу желісін және 120 шақырым электр желісін жаңартуды жоспарлап отыр.
Тамыз айының басында қазақстандықтардың электр энергиясы үшін үштен біріне жуық артық төлей бастағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды
- «Сүйісейік» деп тиіскен: Мас ер адам автобуста қыздардың мазасын алды
- Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкнотты көрсетті
- Тоғызыншы сынып оқушысы 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді
- Талғар ауданында автобус пен Камаз соқтығысты
- Астанада адам ұрлаған алты шетелдік 8 жылға дейін сотталды
- АҚШ-та миллиардер Джефф Безостың алып зымыраны жарылды
- Алматыда балаларға арналған тегін көз скринингі өтеді
- Жамбыл облысында жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы өзіне қол жұмсады
- АҚШ пен Иран Ормуз бұғазын аша тұрып, бітімді ұзартуға келісті