Алматы жылу желілерінің экс-басшысы 8 жылға сотталды
Алматы қалалық соты жылу қызметкерлерінің ісі бойынша үкім шығарды. Барлық күдіктілер кінәлі деп танылды. Олар бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылып, материалдық жауапты және басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
«АлТС» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ерболат Аманғалиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша сотталды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Аманғалиев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, қамауда болған уақыты мерзімге қосылады.
Жоғарғы Сот қылмыстық істі жаңадан сот талқылауына жібергеннен кейін қайтадан сараптамалар, куәлардан жауап алу, тараптар пікірталасы жүргізілді.
Аманғалиев соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін айтып, тағылған айыпты қисынсыз деп атады.
«Айыптау актісі мен айыптау куәгерлерінің тізімі және оған ұсынылған заттай дәлелдемелер біздің кінәмізді растамайды. Айыптау прокурордың қисынсыз пікіріне негізделген», - деді Аманғалиев.
Ол зардап шеккен тарап – «АлТС» ЖШС қылмыстық істі тоқтатуды және барлық күдіктілерді жауапқа тартуды сұрағанын айтты.
«Айыптаушы тараптың куәгерлері айыптау қорытындысында келтірілген уәждерді толығымен жоққа шығарып, сотталушылардың дәлелдерін растады, біз сот залында қалған куәгерлерді тыңдамадық, барлығынан жауап алынған жоқ, біз оларды тыңдауды өтіндік. Судья бұдан бас тартты», - деді ол.
Еске салайық, «Алматы жылу желілері» (АлТС ЖШС) бұрынғы директоры Ерболат Аманғалиев пен тағы бес шенеунікке қатысты қылмыстық іс 2021 жылы қозғалған болатын. Алғашында келтірілген шығын 939,5 миллион теңгеге бағаланып, іс қайта қарауға қайтарылған соң бұл сома 520, 6 миллион теңгеге дейін азайған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық