«Алматы жастары» жеңілдікпен ипотекаға құжат қабылдай бастады
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау басталды. 10 наурыздағы түнгі сағат 12.30-дейін 1229 өтінім келіп түскен.

Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімді «Алматы жастары» сайтында беруге болады. Ол үшін ЭСҚ болу міндетті.
Құжатт қабылдау 31 наурызда аяқталады. Алматы қаласы әкімдігі мен «Отбасы банкі» Алматы қаласының 1000 тұрғынына ғана жеңілдікпен несие бере алады.
Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы берілген құжаттардың дұрыстығын тексереді және жиналған ұпай бойынша қатысушыларды іріктейді. Ұпай саны некеге тұрған жылдарына, балалар санына, санаттағы үздіксіз жұмыс тәжірибесінің кезеңіне байланысты болады.
Мысалы, сіз мектепте немесе театрда еден жуушы болып жұмыс істесеңіз, үйленгеніңізге 10 жыл болса және бес балаңыз болса, 10 жылдық жұмыс өтіліңіз болса, шамамен 49 ұпай аласыз. Ал 3 жыл жұмыс істеген, екі жыл отбасылы, бір баласы бар мұғалім немесе әртіс бар болғаны 11 ұпай алады. Нәтижесінде, тазалықшы әйел жеңілдікті ипотекалық несие алады.
Тұрғын үй саясаты бөлімінен жолдама алғаннан кейін, 15 жұмыс күні ішінде қатысушы «Отбасы» банкінде төлем қабілеттілігін растауы керек және 45 күнтізбелік күн ішінде пәтер тауып, сатып алынатын үйді бағалап, банкке қайта хабарласуы керек. Қатысушыға сату-сатып алу шартын жасасу және банкте несие рәсімдеу үшін тағы 10 жұмыс күні беріледі.
Пәтерді алғашқы және қайталама нарықтардан, сондай-ақ «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен сатып алуға болады.
Бағдарлама шарттары:
Несиенің шекті сомасы - 18 миллион теңгеге дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі - 5% (ГЭС 5,2%);
Бастапқы жарна - 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үйді алу мүмкіндігі;
Шекті мерзімі 25 жылға дейін.
Мысалы, құны 10 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғанда, несие төлемі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, алғашқы 8 жылда 83 333 теңге болады, ал қалған 11 жылда ол төмендеп, соңында 46000 теңге болады.
Бағдарламаға қатысуға қойылатын талаптар:
35 жасқа дейін (қоса алғанда);
Соңғы 5 жылдағы жылжымайтын мүліктің жоқтығы;
Келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы жарналары бар, кем дегенде, соңғы алты айда тұрақты жұмысының болуы: медициналық қызметкерлер, педагогикалық қызметкерлер, жазушылар мен мәдениет қызметкерлері, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері.
Бағдарламаға осы салаларда кез-келген лауазымдарды атқаратын адамдар қатыса алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық