Алматы тұрғындарының саны 2,2 миллион адамға жетті
Фото: Максим Золотухин
Алматы Қазақстандағы халық саны бойынша ең үлкен қала болып қала береді. Бүгінде мегаполисте 2,2 миллион адам тұрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласы тұрғындарының табиғи өсімі 17 625 адамды құрады
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда жаңа туған нәрестелер 1,9%-ға, ал өлім-жітім 6,3%-ға аз тіркелді.
Қазақ демографтары айтқандай, халық санының өсуінің негізгі себебі – туу көрсеткішінің артуы. 2012 жылдан бері Қазақстан халқының саны тек туу көрсеткішінің есебінен өсуде.
«2012 жылы көші-қон сальдосы теріс болды, яғни Қазақстанға келгендер саны елден кеткендерден аз болды. Бұл туу көрсеткішінің арқасында ғана осы 20 миллион адамға жеттік деген сөз», - дейді демограф Шынар Төлешева.
Мәселен, соңғы он жылда елімізде туу көрсеткіші 16,9 пайызға өскен. Ал 2021 жылы бұрын-соңды болмаған нәресте бумы болды. Биылғы пандемиядан кейінгі жылы 446 491 бала дүниеге келді.
Шынар Төлешева табиғи өсімнің артуы басқалармен қатар, өлім-жітімді, оның ішінде нәресте өлімін азайту арқылы қамтамасыз етілгенін айтты. Жалпы өлім көрсеткіші 1991 жылғы 8,20-дан 2022 жылы 6,8 адамға дейін төмендеді. Нәресте өлімінің көрсеткіші 3,5 еседен астам төмендеді.
«Демографиялық көрсеткіштерді арттыруда тек бала туу мәселесімен шектеліп қалмауымыз керек. Әрине, демографиялық жағдайға оң әсер ететін бірінші көрсеткіш – туу. Сондай-ақ өлім-жітім деңгейі туралы айту керек. Өйткені табиғи өсім тууды да, өлімді де ескереді. Яғни, олардың айырмашылығы ескеріледі. Егер өлім-жітім деңгейі жеткілікті жоғары болса, туу көрсеткіші халық санының өсуін қамтамасыз ете алмас еді», – дейді Шынар Төлешева.
Алматы қаласы бойынша көші-қон сальдосы 31671 адам болды, оның ішінде сыртқы көші-қон – 3535, ішкі көші-қон – 28136 адам.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды