Алматы тауларындағы сел ұстайтын бөгет құрылысы 2023 жылы аяқталады
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы Ақсай және Аюсай шатқалдарындағы сел ұстайтын бөгеттердің құрылысы туралы айтты.
Бұл өзендердің жоғарғы ағысында 116 сел қаупі бар аумақтар, 114 мұздықтар, 35 мұздық көлдер, оның 9-ы жарылуға бейім.
Қаладағы Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысындағы, Аюсай өзенінің сағасынан төмен, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы бөгеттің биіктігі 41 м-ден астам, сел қоймасының көлемі 2,3 млн текше метрді құрайды.

Наурызбай ауданында Ақсай өзені алабындағы селді ұстап тұратын бөгеттің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ақсай өзенінің бассейні де Үлкен Алматы сияқты сел қаупінің бірінші санатына жатады. Бөгеттің биіктігі 75 метр, сел қоймасының көлемі 7 миллион текше метр.
Сел ұстағыш бөгеттердің құрылысын аяқтау мерзімі 2023 жылға жоспарланған.
Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндері сел үшін аса қауіпті, олардың ықтимал серпілістерімен сел әсер ету аймағында бірнеше мың нысандар, 40 мыңға жуық адам, оның ішінде демалушылар да болады деп көрсетілген.
Бұл бөгеттерді салу сел қаупін барынша азайтып, Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Алмалы аудандары мен Алматы облысының Қарасай ауданының шығыс бөлігіндегі тұрғындар мен нысандарды сенімді қорғауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық