Алматы тауларында туристер адасып қалды

cover

Алматы маңындағы тауда алты адам жоғалып кетті. Оқиға Үлкен Алматы көлі (БАО) аймағындаға  Қасқырлы тау маңында  болды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 109 пультіне жоғалған туристер туралы хабарлама сағат 20:11-де түскенін түсіндірді. 10 минуттан кейін БАО-да кезекшілікте тұрған құтқару бригадасы айтылған орынға жөнелді.

Адамдар бір сағаттық іздеуден кейін табылды. 21:55-те құтқарушылар оларды жолға шығарып салды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар