Алматы тауларында құлаған тастан 20 жастағы қыз қаза тапты
Фото: Бейнеден кадр
Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тастың құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Өткен аптада әлеуметтік желіде Алматы тауларында тас құлағаны туралы бейне тарады. Тас құлау салдарынан бойжеткен жарақат алған еді. Марқұмның Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің 20 жастағы студенті екені белгілі болды.
Оқиға куәгері Orda.kz сайтына қайғылы жағдай туралы айтты.
«Горельник сарқырамасы аймағында 4 мамырда сағат 12:00 шамасында тас құлады. Адамдар зардап шекті. Бір қыз қатты жарақат алды. Біз ТЖМ шақырдық, бірақ көмек бір сағаттан кейін келді», — деді ол.
Айта кетейік, 3 мамырда Алматыда отбасында жанжал болып, ер адам әйелін пышақтап, ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған еді. Осыдан кейін күдікті өзін-өзі өлтіруге тырысып, мойны мен ішіне пышақ сұққан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық