Алматы тауларында көшкін қаупі бар
Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы бес күнде қар көшкіні жүруі мүмкін, сондықтан ТЖД қызметі тауға шықпауды сұрайды.
Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы бес тәулікте қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.
«Алматы облысының таулы аймақтарында 24-28 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады» делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.
Құтқарушылар азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің ықтималдығына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ , таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырды.
«Алматы облысы аумағында Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқант, Ескелді аудандары мен Текелі қаласында, сондай-ақ, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасының бойында орналасқан 109 қар көшкіні қаупі бар аумақтар бар. Негізінен қар көшкіні ауа температурасының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болады» деп түсіндірді ТЖД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық