Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Фото: Pexels
Алан есімді 20 жастағы қазақстандық 27 шілде күні таңертең Жастар шыңына қарай жолға шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Сол уақыттан бері оған ешкім хабарласа алмаған. Туыстары мен таныстары әлеуметтік желілерде көмек сұрап, ақпарат таратуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Zakon.kz тілшісіне берген мәліметінде іздеу-құтқару штабы құрылғанын және қазіргі таңда құтқарушылардың жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Іздестіруге кинологтар мен дрондар да тартылған.
Іздеу жұмыстарына «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағы (РОСО) мен «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің мамандары жұмылдырылды.
«Онымен байланыс тек әпкесі арқылы болған, нақты геолокациясы белгісіз. Алынған мәліметке сәйкес, ол үстіне жылы киім, шолақ шалбар және спорттық аяқ киім киген. Бұл күндері тауда жаңбыр мен бұршақ жауған, 4000 метрден жоғары биіктікте қар түскен», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілгенімен, жоғалған азаматтың ізі әзірге табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық