Алматы тас жолында ер адамның мәйіті табылды

cover

«Алматы-Бішкек» тас жолының бойындағы жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Алматы-Бішкек» тас жолының 24-шақырымындағы жанармай құю бекетінің артында түрлі дене жарақаты бар белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түсті.

Анықталғандай, қаза болған 38 жастағы Қызылорда тұрғыны екені белгілі болды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар