Алматы қаласы ТЖД көктемгі су тасқынына дайын ба?
Сурет: obvk.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Биылғы маусымда, синоптиктердің болжамынша, Алматыда жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден 13%-ға жоғары, бірақ қардың қалыңдығы қалыпты шекте болады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алматылық құтқарушылар мегаполистің көктемгі су тасқынына дайындықтары туралы айтып берді.
— Барлық техника жақсы жағдайда, жеке құрам ықтимал су тасқыны кезеңінде жедел жұмысқа дайын. Ауа-райын болжауға болмайтынын ескере отырып, біз «Қазгидромет» метеорологтарымен және «Казселезащита» мекемесінің мамандарымен үнемі байланыстамыз, - деді ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Алмат Жаныспаев.
Ол жүйелі мониторинг ұйымдастыру және су тасқынының алдын алу және зардаптарын жою шараларын әзірлеу мақсатында жүргізілген сауалнама барысында Алматы қаласында су басу қаупі бар 102 аумақ анықталғанын атап өтті.
— Бүгінгі таңда 62 мекенжайда арна желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары аяқталды. Бұл 49 учаскедегі тәуекелдерді жоюға мүмкіндік берді. Тағы жеті нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олар наурыз айының соңына дейін аяқталады, - деді Жаныспаев және Кіші Алматы, Тіксай, Есентай және Жарбұлақ өзендері арналарының жекелеген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаны туралы.
Баяндамашы Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының бақылауында тұрған 39 гидротехникалық құрылыс бар екенін еске салды. Күн сайын Төтенше жағдайлар департаменті мен «Казселезащита» мекемесі қызметкерлері қаланың барлық аудандарындағы су айдындарына мониторинг жүргізеді. Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бойында жылжымалы постар орнатылған.
— Аудан әкімдіктері арналар мен өзен арналарын қар мен мұздан тазартуда. Арық жүйесінің жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асады. Бүгінгі таңда 460 шақырымнан астам жер тазартылды, - деді Жаныспаев.
Оның айтуынша, 2023 жылғы су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметі күштері мен құралдарының жалпы саны 1609 адам. Әртүрлі мақсаттағы 618 бірлік техника, 85 мотопомпа, сондай-ақ 99 автономды электр стансала бар..
Еске салайық, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының гидрометеорологиялық мониторингінің мәліметтері бойынша:
• 2022 жылдың 1 қазанынан жауын-шашын мөлшері 260 мм, бұл нормадан 13%-ға артық;
• қаладағы топырақтың қату тереңдігі — 37 мм жылдамдықпен 44 см;
• 31 қаңтардағы қар жамылғысының биіктігі 35 см, бұл қалыпты шектерде;
• ылғал қоры 76 мм (-25%) нормасы - 57 мм.
Ал, синоптиктердің алдын ала болжамы бойынша, Алматыға көктем ерте келеді. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7 градусқа дейін, күндіз +10+15 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық