Алматы полициясы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен үздік тәртіп сақшыларын марапаттады
Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Алматы қалалық ҚПД бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Шара өмірден өткен ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Жеке құрам алдында сөз алған Алматы қалалық ІІБ бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров бүгінгі күні мегаполис ПД-де Ұлы Отан соғысына жалғыз қатысушы, Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестірілген 4 ардагер және 31 тыл майданы мүшелері бар екенін атап өтті.
«Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары басынан өткерген даңқты өмір жолы үлкен құрметке лайық және өскелең ұрпаққа лайықты үлгі.Көбісі қазір арамызда жоқ, бірақ марқұмдардың даңқты істері ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Аға ұрпақтың Отанға деген шынайы сүйіспеншілігінің, жастарды жанқиярлық ерлік пен патриоттық рухта тәрбиелеудің үлгісі ретінде Жеңіс күнін біз мәңгі есте сақтаймыз және атап өтеміз. Әрбір полиция қызметкері ардагерлердің ерліктерін білуі және есте сақтауы керек. Соның арқасында еліміздің азаматтары бейбіт өмір сүріп жатыр және осы тыныштықты одан әрі сақтау бізге жүктелген», - деді Арыстанғани Заппаров.
Сонымен бірге, Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен салтанатты шарада 200-ге жуық тәртіп сақшысы Ішкі істер министрінің, сондай-ақ Қалалық полиция департаменті бастығының құрметіне ие болды.
«Бүгінгі және болашақ ұрпақ қорғаушылардың ерліктерін, олардың Отанға деген шексіз адалдығы мен сүйіспеншілігін ешқашан ұмытпайды. Осынау мереке күні әрбір отбасына жақсылық, бақыт, келісім мен береке тілеймін. Бейбітшілік пен мейірімділік бола берсін!» – деп түйіндеді Алматы полициясының басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық