Алматы полициясы алаяқтыққа қатысты күдіктілерді анықтауды сұрайды
Сурет: tolqyn.kz
Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, 5 мың АҚШ долларын алып кеткен.
Екі ер адам ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де бейнежазбаға түсіп қалған. Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, бес мың АҚШ долларын алып кеткен.
— Әйел адамның ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, оның депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірді ме деп сұраған. Осы жағдайда әңгімелесуші егер ол кісі кодты айтса, кибершабуылдардан арнайы қорғаныс орнататынына сендірді. Бұл айла-шарғыдан бейхабар әйел шабуылшылардың талаптарын орындаған. Ол бірнеше күннен кейін ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Ал банктегілер оған бес мың доллардан астам қаражаттың есептен шығарылғанын айтқан, - деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Алматы қаласының полициясы суреттегі адамдарды танитын болсаңыз: 272 32 76, 254 48 02, 254 48 76 немесе 8 (702) 976 7099 телефондарына хабарласуыңызды сұрайды.

Осы ретте тәртіп сақшылары алматылықтарға өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырып, азаматтарға телефон соғып, алаяқтық жолмен олардың жинаған ақшасын иемденіп алатын алаяқтардың белсене түскенін ескертеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық