Алматы полициясын әбігерге салған тәртіп бұзушы қолға түсті
Алматыда тәртіп бұзушының артынан қуған полиция әрекетін күәгерлер әлеуметтіr желілерде жариялады. Полицейлердің айтуынша, қуғындалған көлік жүргізушісі есірткі пайдаланған.
Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-да kris.p.online парақшасында жарияланды. Instagram арнасының хабарлауынша, тәртіп бұзушыны құрықтауға полицияның жиырмадан астам көлігі қатысқан.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция 25 сәуірде таңертең әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысында Mercedes маркалы автокөліктің жоғары жылдамдықпен келе жатқанын көреді, жүргізуші қауіпті маневр жасап, төтенше жағдай туғызды. Ол полицияның тоқта деген талаптарына жауап бермей, жасырынуға тырысты, - делінген хабарламада.
— Көлікті Райымбек даңғылының солтүстігінде Тілендиев көшесінде полиция жасағы қоршауға алды. Жүргізуші 1992 жылы туған ер адам. Ол 2020 жылдың қыркүйек айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен бір жарым жылға айрылған, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі .
Департаменттің мәліметінше, ұсталған тәртіп бұзушыға сараптама жүргізілді. Дәрігерлер оның есірткі қолданғанын анықтады.
— Полиция Қылмыстық кодекстің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған және алкогольдік, есірткілік және басқа да құмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді Алматы полиция майоры Олжас Шәріпов.
Жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров ұсталған жүргізушіге жасырыну мақсатында жасаған бұзушылықтары: полиция қызметкерлеріне бағынбағаны, бағдаршамның қызыл түсіне өткені, төтенше жағдай тудырғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін және тағы да басқа заң бұзушылықтары үшін 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық