Алматы полициясы «Супермамасита»-ны егжей-тегжейлі тексереді
Алматы полициясы қазақстандық танымал блогер «Супермамасита» лақап атымен танымал Әлия Байтуғаеваны назарға алды, оған әлеуметтік желі қолданушыларының шағымы себеп болыпты.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахмановтың айтуынша, Әлия Байтуғаева өзінің Instagram парақшасы арқылы ақшалай сыйақыға оқыту курстарын ұйымдастырған. Полиция қызметкері аталған курстардың кей тыңдармандардың көңілінен шыға қоймағанын алға тартады.
Оның айтуынша, қалалық полиция департаментіне шағымдар 23 шілдеден бастап түсе бастаған.
— Блогер ісінің ауқымы айтарлықтай: бізден көмек сұрап отырғандардың арасында тек Алматы мен Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындары да бар, - деп атап өтті Рустам Әбдрахманов.
Сонымен қатар Әбдрахманов барлық зардап шегушілердің шағымдары тіркеліп, әрқайсысына егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетінін айтты.
— Мемлекеттік кірістер департаменті арналары арқылы біз кәсіпкерліктің заңдылығын анықтаймыз, содан кейін блогердің іс-әрекетіне заң жүзінде баға беріліп, одан әрі Қазақстан республикасы заңнамасына сәйкес шара қолданылады, - деп қорытындылады Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары.
Әлия Байтуғаеваның Instagram парақшасына 6 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Ол әлеуметтік желіде «super.mamasita» лақап атымен танымал.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық