Алматы полициясы күшейтілген кезекшілікке өтті
Фото: Polisia.kz
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жаңа жылды тойлау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы қаласының полициясы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды» делінген хабарламада.
Патрульдік бөлімдер саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 300 әскери қызметкері тартылды.
Полиция азаматтардың көп жиналатын жерлері мен мәдени-ойын-сауық шараларын өткізу орындарын ерекше бақылауда ұстайтын болады.
Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарын гарнизондық жинақтау шарасы өтті.
«Алматы қаласының бас полицейі жоғары нәтиже көрсеткен полиция қызметкерлерін грамоталармен, алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапаттады. Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында жауынгерлік бөлім қызметкерлерінің киім-кешектері, көлік құралдарының жағдайы, сондай-ақ, қаладағы құқықтық тәртіп сапасына әсер ететін техникалық құралдар тексерілді» деп жазды ҚР ІІМ қарасты басылым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық