Алматы полициясы Әбдіғаппаровтың әйелін сотқа береді
Фото: Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі
Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі - Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот ісін дайындап жатқанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Ольга Әбдіғаппарова 4,5 миллион доллар бопсалады және рейдерлік жасады деп айыпталды.
- Әлеуметтік желіде Әбдіғаппаровтың әйелі бізді рейдерлік жасады деп айыптады. Бұл факт бойынша біз сотта ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорғау үшін азаматтық талап-арыз дайындап жатырмыз, - деді Таймерденов.
Сондай-ақ, кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс полиция бөлімінде аяқталу сатысында екенін, Әбдіғаппаровтың өзі қазір қамауда екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, 26 шілдеде 420 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен Parmigiano Group басшысы, кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталды.
Белгілі болғандай, қылмыстық іс Есентай Сити маңындағы қымбат вилланы сатумен байланысты. 2021 жылдың наурызында «AV Construction» ЖШС директоры Рауан Бабаев өзінің орынбасары Алмас Әбдіғаппаровқа бір тапсырыс берушіден жылжымайтын мүлікке ақша алуға сенімхат береді. Кәсіпкер 840 миллион теңге алған, алайда компания кассасына 420 миллион теңге ғана түскен. Бұл кезде Әбдіғаппаров 840 миллион емес, 420 миллион бергенін көрсететін жалған түбіртекті пайдаланған.
17 шілдеде Рауан Бабаев Алматы полиция департаментіне арыз берді. Бір аптадан кейін, 24 шілдеде Алмас Әбдіғаппаров ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот кәсіпкерді екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық