Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ауылына кетіп қалғаны белгілі болды
Фото: Sputnik / Сергей Ким
Алматы облысының полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан шығып кеткен.
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.
Қаңтар айындағы қайғылы оқиғаға тоқталған әкім облысты тек әкімдік басқармайтынын айтты. Оның айтуынша, наразылық акциясын ұйымдастырушылардың гибридті тәсілі – халықтың наразылығын пайдалану.
«Нақты алғышарттар болды. Белгілі бір дәрежеде жастар арасында жұмыссыздықтың белең алуы және т.б. Біздің Алматы облысында өз ерекшеліктеріміз бар: оны тек әкімдер, әкімдіктер, құқық қорғау органдары бақылап отырған жоқ. Бейресми жетекшілер де болды. Бақытымызға орай, қазір олар бақылауда емес» деді Бозымбаев.
Облыс әкімі 5 қаңтарда коменданттық режимге көшкенде полиция департаменті бастығы Серік Күдебаев болғанын, ол облыс әкімдігіндегі жағдайды ұстай алмағанын атап өтті.
«Ақырында, біз, азаматтық билік, олармен бетпе-бет келдік. ІІБ бастығын іздеп жүріп, Талдықорған қаласынан 300 шақырым жерден таңертең ғана таптым. Қаскелең іргесіндегі туған ауылына кетіп қалған. Мен: «Неге кетіп қалдың?» десем. Ол: «Басым сынды, аяғым ауырды, отбасымды алып кеттім» деп жауап берді.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР ішкі істер органдары қызметінен босатылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Бұл хабарды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық