Алматы-Петропавл пойызы отқа оранды
21 қыркүйекте техникалық себептерге байланысты Астана - Петропавл учаскесі бойынша Алматы - Петропавл бағытындағы № 105 пойыздың жүруі тоқтатылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі хабарлады.
«21 қыркүйекте сағат 04:27-де Алматы-Петропавл бағытындағы №105 жолаушылар пойызы Қарағанды-Астана учаскесінде шұғыл тоқтады. Себебі: техникалық вагонның дұрыс жұмыс істемеуі. Пойыздағы жолаушылар саны – 184. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес тоқтатылған пойыздың жолаушыларын белгіленген жерлеріне жөнелтуді ұйымдастырумен айналысады.
ҚТЖ-ның хабарлауынша, Мырза-Шоқай-Астана стансасы бағытындағы бұл пойыздың жолаушылары №3/4 Алматы-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол (Тальго) пойызында отыр.
«Курт-Бурабай, Көкшетау және Петропавл станцияларына қатынайтын жолаушыларды жеткізу үшін Астана стансасынан Петропавл станциясына дейін стандартты вагондардың (4 купелік вагон) жеке пойызы ұйымдастырылды. №105/106 Алматы-2 – Петропавл пойызының 2 рейсі 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін тоқтатылды» делінген хабарламада.
Бүгін № 77098 техникалық вагоны ақауы бар KZ-03 пойызы Астана стансасының «Тальго» цехына резервте тұрған №70210 техникалық вагонға ауыстырылып, барлық вагондар техникалық байқаудан өту үшін жеткізіледі.
Тергеу жүргізу үшін ҚТЖ комиссиясы құрылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық