Алматы ондаған миллиард теңгесі бола тұра электробус сатып ала алмай отыр
Фото: Игорь Улитин / Orda.kz
Orda.kz хабарлағандай, тапсырыс берушілердің ұсынылған көліктердің өлшемдеріне көңілдері толмаған.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сәйкес, 26 маусым күні Алматы қаласына электробус жеткізушілерін анықтау бойынша конкурс өткізілуі тиіс еді. Қалалық мобильділік басқармасы жалпы құны 17 355 000 000 теңгеге 100 электр автобус сатып алуды жоспарлаған.
Конкурсқа екі компания қатысуға өтінім берді: Hyundai Trans Auto және Daewoo Bus Kazakhstan. Біріншісі – «Астана Моторс» компаниясының еншілес ұйымы, ал екіншісінің құрылтайшыларының қатарында Оңтүстік Кореялық Zyle Motors Corporation және СемАЗ ЖШС бар. Айта кетейік, СемАЗ-дың құрылтайшыларының бірі – Мәжіліс депутаты Даулет Тұрлыханов.
Алайда, сауда-саттық нәтижесінде өткізілмей қалған.
«Алматы қаласы ЖҚӘБ үшін электробус сатып алуға қатысты №74195313-ОК1 лот бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылсын, себебі конкурсқа бірде-бір әлеуетті жеткізуші жіберілмеген» деп жазылан құжатта.
Бұған Hyundai Trans Auto компаниясының электробустары талап етілген өлшемдерге сәйкес келмегені себеп болған:
Көлік биіктігі: талап — 3 320 мм-ден аспауы тиіс, ұсынылған — 3 350 мм;
Көлік ұзындығы: талап — 12 110 мм-ден аспауы тиіс, ұсынылған — 12 170 мм.
Daewoo Bus Kazakhstan бойынша бұдан да көп сәйкессіздікті анықталған:
Көліктің бос массасы — талап: 14 000 келіден аспау, ұсынылғаны: 14 150 келі;
Электрқозғалтқыштың ең жоғары қуаты — талап: кемінде 350 кВт, ұсынылған: 250 кВт;
Жалпы жолаушы сыйымдылығы — талап: кемінде 90 адам, ұсынылған: 84 адам;
Орын саны — талап: кемінде 29, ұсынылған: 25 + 1;
Номиналды қуат — мүлде көрсетілмеген.
Бұл — Алматыда электробус сатып алуға жасалған екінші сәтсіз әрекет. Бұған дейінгі конкурс 19 мамырда өтпей қалған, сол жолы сатып алу қаражаты бұдан көп болып, 18 миллиард теңгеден асқан еді.
Ол кездегі қатысушылар: Daewoo Bus Kazakhstan және QazTehna ЖШС болған. QazTehna құрылтайшыларының қатарында Қытайдың Yutong автобус өндірушісі мен қазақстандық «Оңай Pay» және «Genco International» ЖШС-лары бар.
Алайда ол кезде де құжаттаманың талапқа сай келмеуі себеп болған.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт