Алматы облысының экс-әкімі қайтыс болды
Фото: Википедия
Алматы облысының экс-әкімі Аңсар Мұсаханов қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Алматы облысын 2011-2014 жылдар аралығында басқарды.
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары КСРО-ның 60 жылдығы атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш стансасы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Іле ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары - Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010-2011 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол Алматы облысын 2011-2014 жылдар аралығында басқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық