Алматы облысының жаңа әкімі қол астындағы қызметкерлеріне сөгіс берді
Жақында Алматы облысының әкімі болып тағайындалған Қанат Бозымбаев алғашқы отырысын жол апаты мәселесіне арнады.
Ресми мәлімет бойынша, облыста 1873 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы 20 пайызға артқан. Алдағы күннің салқынын ескере отырып, жол апаттары мен жолдарды күтіп ұстау мәселесін өңір басшысы басты міндет деп белгіледі.
– Ауа-райының нашарлауына байланысты қазір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды мәселе болып табылады. Нақты шаралар қабылдануы керек, соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының азаюы қамтамасыз етіледі, - деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Аймақ басшысы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға жауапты облыстық полиция мен әкімдіктегі бірқатар басқармалардың жұмысына көңілі толмады. Сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарының әкімдері апаттылық көрсеткіші нашар деп сынға алынды.
Анықталғандай, жол-көлік оқиғалары негізінен Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас, Алматы – Бішкек, Алматы – Талғар тас жолдарында тіркеліп, 100-ден астам қауіпті аумақтар анықталған. Олар қысқа мерзімде строб-шамдар, бейнекамералар, шуға қарсы жолақтар, қосымша жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарықтандыру орнатуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Талдықорған – Үшарал, Сарыөзек – Көктал және Үшарал – Достық тас жолдары да ең проблемалы бағыт деп аталды. Белгілі болғандай, биыл кейбір аудандарда жол қызметкерлері қар тазалау жұмыстарын кешіктіріп, төтенше жағдай туғызған.
– Жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат алмасуды ұйымдастырып, бірлескен қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірлеу. Қар тазалайтын арнайы техника мен мұздан тазарту материалдарының стандарттарға сәйкестігін тексеру. Тұрғындар апаттардың азайғанын сезінуі керек, - деді Бозымбаев.
Облыста 9628 шақырым жол қысқы жөндеуге жатады, оның 3 мыңға жуығы республикалық маңызы бар жолдар. Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға 2,8 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық