Алматы облысының тұрғыны сегіз зейнеткер мен мүгедекті өз қамқорлығына алған
Алматы облысының тұрғыны үйін қиын өмірлік жағдайда қалған адамдар үшін баспанаға айналдырды. Бүгінде Сәниям Мұхамедсадықовамен бір шаңырақтың астында тұратын сегіз зейнеткер мен мүгедек үлкен бір тату отбасы іспетті.
Үйден баспана тапқандардың бірі – зейнеткер Ольга Беспалова. Әйел баласының үнемі сөгісінен, келіспеушілігінен шаршап, үйден шығып кеткен.

«Ол жерде мен оларға үнемі кедергі келтіретінмін. Мен ас үйге келсем, «кетіңіз, істеп жатқаныңыз дұрыс емес» дейді. Мен бөлмеме барып, жылаймын. Ал мұнда өзімді жақсы сезінемін» дейді Іле ауданының тұрғыны Алматы телеарнасына.
Зейнеткер Александр Неворотов осыдан сегіз жыл бұрын қант диабеті салдарынан аяғынан айрылған. Төрт жылдан кейін оның екінші аяғы кесілді. Артынша оның әйелі мен ұлы көз жұмды. Ол қарияға үлкен соққы болды.
«Біз бір қалыпты, еш ұрыссыз өмір сүріп жатырмыз. Бүгін сегізі. Төрт жыл бір күн өтті. 7 ақпан күні сағат 12-де Төлебаев көшесіндегі осы үйге келдім. Олармен бір отбасы болғаныма өте қуаныштымын» деді қария.
Сәниям Мұхамедсадықованың қайырымдылық жұмысының тарихы осыдан алты жыл бұрын басталған. Саябақтардың бірінде әйел орындықта бірнеше күн отырған атаны байқап қалып, зейнеткерді үйіне алып кетеді. Ол осында төрт жыл бірге тұрды. Кейін қария үйленіп, бөлек кеткен. Бірақ әлі күнге дейін Сәнияммен араласып тұрады.

Осы жылдар ішінде әйел 15 адамды паналатқан. Қазір онымен бір шаңырақ астында сегіз қонақ тұрып жатыр.
«Интернатта тұрдық, ұстазымыз қолыңнан келсе адамға көмектес деп үйретті. Мүмкін болса тамақтандыр, баспана бер. Бірақ 80 шаршы метр үйіміз 80 шаршы емес. Таршылықта болса да, тату өмір сүріп жатырмыз» деді Сәниям Мұхамедсадықова.
Әйелдің айтуынша, күйеуі оған зейнеткерлер мен мүгедектерге қамқорлық жасауға көмектеседі. Жұбайымен бірге екі ұл тәрбиелеп, олардың бойына мейірім ұялатып жатыр.
Саниямның есігі мұқтаж жандарға ашық. Қазіргі уақытта олар жұбайымен бірге қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық адамдар үшін баспана құрғысы келеді. Қазіргі уақытта оның құрылысы жүріп жатыр.
Сәниям мен күйеуі құзырлы орындардан көмек сұрағылары келмейді. Жалғыз өтініші – Іле ауданы, Мерей ауылы маңындағы жолдарды жөндеу.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық