Алматы облысының әкімдігі даулы тағайындауға қатысты пікір білдірді
Фото: primeminister.kz
Алматы облысының әкімдігі жаңа әкім Марат Сұлтанғазиевтың өзінің туысын әкімдіктегі қызметке тағайындау жоспарына қатысты пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде Алматы облысының әкімдігіндегі кадрлық ауыс-түйіске қатысты ақпарат тарауда. Осыған орай келесіні хабарлаймыз:
Білім басқармасының бұрынғы басшысы Омарова Майгүл Тілеутайқызын қызметінен босату ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облыстық департаментінің ұсынысы бойынша іске асты.
2021 жылдың ақпан айынан бастап басқарма басшысыз қалды. Бұл жұмыс сапасына әсер етеді.
Мәселен, 2020-2021 жылғы ең үздік 100 олимпиада мектебінің рейтингінде Алматы облысы бір ғана мектеппен ұсынылған. Облыс тығыз елді мекендердің бірі болғандықтан, өңірде 3 ауысымды мектептердің саны көп.
Сонымен қатар, конкурстар мен мектеп олимпиадаларына қатысушылар жоқ.
Алдағы жаңа оқу жылына дайындықтың нашар болуы сынды мәселелер бар. Білім ошақтарына жүргізілген жөндеу жұмыстары мен салынған құрылыстың сапасының сын көтермейтіндігі анықталған.
Сапасыз жөндеу мен құрылыс фактілері бар. Осылайша, алты мектепте жөндеу жұмыстары мерзімінде жүргізілмеген.
Мұғалімдер мен оқушылар онлайн режимде оқуға мәжбүр болуы ықтимал деген күдік басым.
Бүгінгі күні білім басқармасына ата-аналар мен ұстаздар тарапынан көптеген шағымдар түсуде. Шағымдардың себебі- мәжбүрлі ақылы курстар, мерзімді басылымдарға жазылу және тағы басқалар.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары ағылшын тілінің ақылы курсынан мәжбүрлі түрде өтуге байланысты өз шағымдарын айтып, жеткізді. Осы тектес шағымдар өзге де аудандардан келіп түсті. Ал ата-аналар білім сапасының төмендігін алға тартуда. Аталған барлық фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілетін болады.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметіне негізгі талаптар көрсетіле отырып, ішкі конкурс жарияланды. Аталмыш қызметке қатысты құжаттар 18 -20 шілде аралығында жұмыс уақытында қабылданады» делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, әкімдік бұдан әрі Алматы облысы әкімі аппаратының адам ресурстарын басқару және Мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу бөлімі кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттарды қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайтынын хабарлады. Әңгімелесу қоғамдық ұйым өкілдерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.
«Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі әңгімелесуді өткізуге бір күн қалғанда Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.
Бұдан басқа, әңгімелесу өткізілгенге дейін кандидаттар Оқу-ағарту министрлігімен келісіледі» деді әкімдікте.
Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданының әкімін тағайындауға қатысты да түсініктеме берді.
«Әкімдерді тағайындау бірнеше кезеңнен өтетінін хабарлаймыз. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» ҚР президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес аудан әкімдерін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысымен және аудандық мәслихат келісімімен облыс әкімі тағайындайды» деп қорытындылады әкімдік.
Еске салсақ, бүгін журналист Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің туысын әкімдіктегі қызметке тағайындауды жоспарлап отырғанын айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық