Алматы облысындағы жанармай құю бекетінде 40-қа жуық балон өртенді
Өрт салдарынан жанармай құю стансасының 2 қызметкері түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
2023 жылғы 19 тамызда сағат 17:50-де Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы газ толтыру стансасы аумағындағы қойма ішінде газ баллоны өртенді. Өрт сақтауға және сатуға арналған контейнер түріндегі қоймаға тарады. Жарылыс пен өрттің оқиға орнынан 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй аумағына таралу қаупі төнді.
Балондардың жаппай өртенуі (шамамен 40 бірлік) және жоғары температураның туындауы салдарынан өрт қойманың жанында орналасқан сыйымдылығы 3 текше метр ЗИЛ маркалы газ толтырғыш вагонға және газ толы балондарға шапты. Қоймада 260-300-дей түрлі сыйымдылықтағы газ балондары болған. Сондай-ақ қойма маңындағы аумақта газ толтырылған 4 текшелік жер асты цистернасы бар.
«Алғашқы қондырғылар келе салысымен қоймадағы газ толтырғыштың, жерасты газ цистернасының, сондай-ақ басқа да балондардың жарылу қаупінің алдн алынды» деп хабарлады ТЖМ.
Бөлімшелер жоғары жөнелту разряды шығу кестесі бойынша өрт орнына жіберілді. Өрт 18:28-де оқшауланып, 18:45-те толығымен жойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық