Алматы облысындағы табиғи өртті тікұшақпен сөндіруге шамамен 200 тонна су кетті
Фото: Ашық дереккөзден
Алматы облысында табиғи өртті сөндіру үшін тікұшақпен 200 тоннаға жуық су төгілді, деп хабарлайды Orda.kz порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтей отырып.
«Біз Балқаш өңіріндегі қамыстар мен шөп өртін сөндіруді жалғастырудамыз. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы су төгетін құрылғысы өрт ошақтарына жалпы көлемі 195 тонна су төкті. Авиациялық техниканы қолдану және орман шаруашылығы қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің жетуі қиын жерлерге жіберу арқылы қабылданған шаралар жақын маңдағы шаруа қожалықтарын сақтап қалды» делінген сейсенбідегі хабарламада.
Айта кетейік, өртті сөндіру шымтезектен, қол жетпейтін оқшауланған батпақты жерлерден және үнемі өзгеріп тұратын күшті желдің болуымен қиындады.
«Өрт ошақтарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тойшыбеков те жүр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті тұрғындардың күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылып жатыр» деп толықтырды ТЖМ.
Жаңалықтар
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр