Алматы облысындағы қоқыс полигоны әлі бықсып жанып жатыр
Фото: Александра Мохирева, Orda.kz
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 15 қыркүйектен бері өртеніп жатыр. Құтқарушылар күн сайын өртті сөндіру барысы жөнінде мәлімет беріп отыр. Алайда отты толықтай ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр.
Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды бақылады.
Бүгін полигонда ашық көзге түсетін жалын жоқ. Бірақ қоқыстың астыңғы қабаттары бықсып жанып жатыр.
Үйінділерді шаншып, су шашып, құм сеуіп т.б. шаралар жүріп жатыр. Төтенше жағдайға басқа өңірлерден де күш тартылған.
Жергілікті тұрғындар бастарының ауыратынын, түтіннен уланып жатқанын айтып жатыр. Алайда Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауруханаға ешкім жүгінбеген, ал ауа сынамалары «қалыпты деңгейде» көрсетіп отыр.
Түтін мен күйік иісі полигоннан шамамен 20 шақырым қашықтықтан айқын сезіледі. Жақындаған сайын аспан біртіндеп сұрланып, полигон үстін түтін тұмшалап тұрғаны көрінеді.
Полигон маңында ТЖМ лагері мен жылжымалы медицина пункті орналасқан.
Алатау ауданының әкімі Аркен Утенов те полигонға келді. Оның айтуынша, алғашқы екі тәулік бойы ол осында тәулік бойы жүрген. Өрттің бетін қайтарғаннан кейін үйіне қайтқанымен, жергілікті тұрғындармен байланысын үзбеген. Бағытын өзгерте беретін жел бір жағынан сөндіруге кедергі келтірсе, екінші жағынан ауаны тазартып тұр.
Әкімнің сөзіне сенсек, халыққа төнген қауіп жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық