Алматы облысындағы білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырғаны үшін қамауға алынды
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда Антикор қызметі «Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Күдікті Іле ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде іс жүзінде жұмыс істемейтін тұлғалардың жалақысынан өндіріп алу мақсатында, бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 680 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды. Сонымен қатар өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Жүргізушісін жалған түрде мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші қызметіне орналастырған. Оған жалпы сомасы 4,9 млн теңге заңсыз жалақы төленген» деп хабарлады Антикор.
Сот санкциясымен басшы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтерді таратуға болмайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық