Алматы облысындағы мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

cover

Үкімет Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлының атын беру туралы қаулыға қол қойды.

10 қыркүйекте Алматы облысы мәслихатының депутаттары шешім қабылдады, бұл идеяны ұсынған – ауыл тұрғындары.

– Дауыс беруге 23 депутаттың 20-сы қатысты. Бірауыздан қолдау көрсетілді. Министрлікпен және ономастикалық комиссиямен келіссөздер жүргізілді. Мен және облыс әкімі қол қойған Жарлықты жолдаймыз, – деді облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мемлекет қайраткері. Саясаткер 2006 жылы екі көмекшісімен бірге жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар